Фото: Тұрар Қазанғапов
Экология министрлігі Қазақстанда утильалымнан түскен қаржы қайда жіберілетінін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгін утильсборды алып тастауға қатысты петицияны жария талқылау барысында экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев одан түскен ақша жіберілетін бағыттарды атап өтті.
«Бүгінде 160 миллиард теңге ауыл шаруашылығы техникасы мен автобустар лизингін жеңілдікпен автокредиттеуді қаржыландыруға, 20 миллиард теңге ауыл шаруашылығы техникасы бойынша жеңілдікті лизингті қаржыландыруға, 200 миллиард теңге қалдықтарды жинау, сұрыптау, қайта өңдеу, орман шаруашылығы ұйымдары үшін өрт сөндіру машиналарын сатып алу жөніндегі жобаларды қаржыландыруға, төтенше жағдайлар министрлігі ұйымдарына арнайы техника, сондай-ақ автобустар сатып алуға 90 миллиард теңге, ауыл шаруашылығы саласындағы көлік құралдарын өндірушілерге қайта өңдеу төлемдерін қайтаруға 215 миллиард теңге қарастырылған», – деді ол қоғамдық талқылау барысында.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!