Қазақстанда жұмыссыз қалғаны үшін төленетін жәрдемақы мөлшері 5%-ға артты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап кірістерді ауыстыру коэффициенті жұмыссыз қалғандарға жәрдемақы 40%-дан 45%-ға дейін өсті.
Жәрдемақы тағайындау тәртібі өзгеріссіз қалды. Ол бір айдан алты айға дейінгі мерзімге жұмыссыз мәртебесін алған азаматтарға ғана төленетін болады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!