Әлеуметтік желілерде қазақстандықтарға апта сайын 125 мың теңге табыс табуды ұсынған ақпарат таралып жатыр. Жарнамада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың фотосуреті қолданылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Таратылып жатқан хабарламада қомақты табысты Halyk Bank-ке инвестиция құю арқылы табуға болады-мыс.
Stopfake.kz анықтағандай, Halyk Bank-те аптасына кемінде 125 мың теңге табыс табуға кепілдік беретін инвестициялық бағдарлама жоқ.
“Өзекті салымдар туралы барлық ақпарат банктің ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшаларында көрсетілген. Таратылған жарнаманың банктің ресми парақшасында емес, KZ Invest 2022 деп аталатын аккаунтта жарияланғанына назар аударған жөн. Мұндай бағдарлама банкте жоқ. Сондай-ақ, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық банктер өз салымшыларына апта сайын 125 мың теңгеден бастап кірісті қамтамасыз ете алады деп мәлімдеген емес. Демек, хабарламаның Halyk Bank-ке де, Мемлекет басшысына да қатысы жоқ. Бұл алаяқтардың ісі және оған сенбеген дұрыс», – делінген сайтта.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!