Фото: pexels.com
Sputnik. Қолма-қол ақшасыз операциялардың жалпы көлемінде қазақстандықтардың интернет және мобильді банкинг арқылы жүзеге асырған опғрацияларының үлесі 90%-ға жетті.
Күн сайын осы әдіспен 359,9 миллиард теңгеден (751,2 миллион доллар) астам сомаға 26,3 миллионнан астам операция жүзеге асырылады.Қазақстан Ұлттық банкінің хабарлауынша, қазақстандықтардың көбі төлем карталарын ұнатады, ал қолма-қол ақшаны пайдалану айтарлықтай төмендеді.
Ұлттық реттеушінің мәліметі бойынша, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында қазақстандық банктер шығарған төлем карталары арқылы 84,9 триллион теңгеге (177,2 миллиард доллар) 6,1 миллиард операция жасалған.
Қолма-қол ақшасыз операциялардың саны мен көлемі сәйкесінше 13,6% және 16% өсіп, жалпы көлемі 72,8 трлн теңгені (151,9 млрд доллар) құрайды.
Сондай-ақ төлем карталарын пайдалану арқылы қолма-қол ақша алу операцияларының саны мен көлемі де сәйкесінше 3,6%-ға және 12,8%-ға өсіп отыр. Жалпы көлемі 12 триллион теңгені (25 миллиард доллар) құрайды.
QR коды арқылы төлем жасау да танымал бола бастады. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 7,3 триллион теңгеге (15,2 миллиард доллар) 1,5 миллиард операция жасалды, бұл 2023 жылғы ұқсас көрсеткіштерден 3,2 есеге артық.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!