Қаржы министрлігі банк шоттарының болуы және осы шоттардағы ақшаның қозғалысы туралы, сондай-ақ активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну міндеті туындаған жеке тұлғаға берілген несиелер туралы мәліметтер нысандарының жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жобаның мақсаты екінші деңгейдегі банктермен активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну бойынша міндеті туындаған жеке тұлғалардың банк шоттарының болуы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қаражаттарының қалдықтары мен қозғалысы туралы, жеке тұлғаларға берілген кредиттер туралы, сондай-ақ бір жыл ішінде құны 20 000 АЕК-тен асатын мүлікті сатып алған жеке тұлғалардың шоттардағы қаражаттардың қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді ұсыну нысанын бекіту болып табылады.

Түзетулерді Қаржы министрлігі жалпыға бірдей декларациялау тұжырымдамасының өзгеруіне байланысты әзірленді.

Жобаның күтілетін нәтижесі – екінші деңгейдегі банктерден активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияны табыс ету міндеті туындаған жеке тұлғалардың шоттарындағы ақша қаражатының қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді алу, бұл салық органдарына камералдық бақылауды уақтылы жүргізуге мүмкіндік береді және жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін бақылаудың тиімді жүйесін құруға ықпал етеді, сондай-ақ бюджетке түсетін түсімдер көлемінің ұлғаюына және көлеңкелі экономика үлесінің қысқаруына әкеп соғады.

Жоба 2025 жылғы 9 қыркүйекке дейін жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!