Қазақстандықтарға бүлікшілер ұрлап саудалаған заттарды алмауға кеңес беріледі. Себебі арзан баға деп тұрмыстық техниканы сатып алағандардың өзіне қылмыстық топқа қатысы бар деген айып тағылуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Электроника дүкендерінің иелері қазақстандықтарды ұрланған заттарды сатып алмауға шақырады. Еске сала кетейік, жаппай тәртіпсіздік кезінде тұрмыстық техника, зергерлік бұйымдар, киім және косметика дүкендеріне тонаушылар шабуыл жасаған болатын.

Тәртіпсіздік кезінде ұрланған тауарларды қылмыскерлер өте төмен бағамен саудалайды. Алайда құқық қорғау органдары сол тауарларды сатып алушыны қылмысқа қатысы бар деп тергеуге құқылы.

«Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы 12 қаңтарда Қазақстандағы тәртіпсіздіктерден бизнес үшін келтірілген жалпы залалды 240 миллион долларға бағалады.

Қазіргі таңда Қазақстанның түрлі өңірлерінде Алматы дүкендерінен ұрланған затты сатып алғандарға шаралар қолданылып жатыр. 

Мамандар бұндай тауарларды сатып алмауға кеңес береді. Ол үшін де арнайы жаза қарастырылған. Сатып алушы 160-тан 4000 АЕК-ге дейін (490 080-12,2 млн теңге) айыппұл төлеуге міндеттелуі мүмкін.

Әлеуметтік желілерде адамдардың көпшілікке ілесіп супермаркеттерден, электроника және басқа да дүкендерден қолдарына түскеннің бәрін алып жатқан видеолары көп таралды. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!