Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті шетелдік валютаны елден шығару туралы тыйымды бұзған жағдайда қандай жауапкершілік көзделгенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тыйымды бұзған адамдар Қазақстан заңнамасына сәйкес әкімшілік немесе қылмыстық жауапқа тартылады.

«Әкімшілік жауапкершілікке тартылған жағдайда 15 АЕК мөлшерінде (45,9 мың теңге) айыппұл салынады. Сондай-ақ, соттың шешімімен ақша мен тауар мемлекет кірісіне тәркіленуі мүмкін», – деп ескертті мемлекеттік кірістер комитеті. 

Комитет шекарадан өту кезінде кідіріске жол бермеу үшін өзіңмен бірге (багажда) алған қолма-қол ақшаны алдын ала есептеп шығуға кеңес берді.

Еске салсақ, 14 наурызда президент Қазақстаннан шетелдік валюта және алтын құймалар мен монеталарды алып шығуға шектеу қойды.

Қолма-қол ақша 10 мың доллардан аспауы керек.

Сондай-ақ Ұлттық банк шығаратын аффинирленген алтынның 5, 10, 20, 50 және 100 грамм алтын құймаларын, «ALTYN BARYS» алтынынан және «KÚMIS BARYS» күмісінен жасалған инвестициялық монеталарды, сондай-ақ 100 грамнан асатын аффинирленген алтынды өзіңмен бірге (багажда) әкетуге болмайды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!