Фото: pexels.com
KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар құны 0,78 теңгеге төмендеп, 1 доллар 445,66 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 22 сәуірге белгілеген ресми бағамы – 1 доллар үшін 446, 49 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 446,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу – 447 теңге.
Ал, Астана қаласында сату бағасы – 444 теңге болса, сатып алу – 449 теңге.
Ресей рублі Алматыда 4,74 – 4,76 теңге, Астанада 4,7–4,8 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!