Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,37 теңгеге арзандады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 429, 41 теңге. Ұлттық банктің 7 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 431, 88 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 430,70 теңге, сатып алу – 434, 18 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 429, 05 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 432, 02 теңге.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!