Қызылорда тұрғыны сыбайлас жемқорлық дерегі туралы құзырлы органдарға мәлімдегені үшін 215 мың теңге көлемінде сыйақы алды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тұрғын облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары алаяқтық жолмен 2 миллион теңгені иемденгені туралы мәлімдеген. 

Облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Ерлан Мақажановтың сөзінше, шенеунік жер телімін алуда көмек көрсеткені үшін жеке тұлғадан 2 миллион теңге талап еткен. 

«Лауазымды тұлғаның заңсыз әрекеті туралы тұрғынның мәлімдемесі арқылы жемқорлықтың алдын алдық. Қылмыстық іс сотқа жіберілді. Қылмыскер кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айырылды», – деді Мақажанов. 

2022 жылы аймақта жемқорлық туралы мәлімдегені үшін 10 адам сыйақы алған. Сыйақының жалпы сомасы 2 миллион теңге.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!