Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 52 жастағы қала тұрғыны хабарласып, алаяқтық әрекеттің құрбаны болғанын айтқан.

Анықталғандай, өткен жылдың маусым айында танысы «қомақты көлемде несие алып беремін» деп 5 млн. 600 мың теңге несиені өзіне алдыртып, алдап алған.

​Қылмысты ашу бойынша жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 49 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

​Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі (Алаяқтық, бірнеше рет жасалған алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!