Салық кодексінің 349-бабына сәйкес, ипотека рәсімдеген азаматтар салықты аздау төлеу мүмкіндігі бар. Ол үшін не істеу керек?

Егер сіз «Отбасы» банкінен несие алған болсаңыз, онда сіздің салықты азырақ төлеуге құқығыңыз бар. Салық кодексінің 349-бабында жеке тұлға «Отбасы» банкінен несие алған жағдайда сыйақыны өтеуге бағытталған сомаға салық шегерімдері қолданылатыны жөнінде тармақ бар. Сондай-ақ екінші деңгейлі өзге банктерде тұрғын үй несиесін рәсімдеген жандарға да осы жеңілдік беретін болды. Ол үшін ипотека рәсімдеген азамат төмендегі құжаттарды жұмыс берушіге тапсыруы тиіс:

  • Тұрғын үй құрылысы жинақ банкімен жасаған несие шартының көшірмесі;
  • Қарызды өтеу кестесінің көшірмесі;
  • Өтеуді растайтын құжат (чек, төлем түбіртегі немесе ТҮҚЖБ-нен алынған үзінді көшірме.

Бұл мәселе Салық кодексінде бұрыннан бар болғанымен, «Отбасы» банкінде ипотека рәсімдеген кей жандар бұл ақпараттан бейхабар. Ол азаматтар бұған дейін өтіп кеткен 5 жылға да жеңілдік ала алады. Ол үшін өтініште несиені өтеген, алайда жеңілдіктер қолданылмаған кезеңді көрсету қажет. Өтініште тек соңғы 5 жыл ішіндегі уақыт аралығы көрсетілуі шарт. Жұмыс беруші қайтадан есеп жүргізіп, айырманы қайтаруға міндетті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!