Фото: Еркеғали Болатұлы
Қазақстанда шағын несиелер беру туралы келісімдерді жасасу тәртібіне өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Қаулы жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қаулы жобасын кеше Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жариялаған.
Жеке тұлғамен республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 45 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде, күнтізбелік 45 күнге дейінгі мерзімге жасалған микронесие беру туралы шарттың жалпы талаптары қамтылады, – делінген құжатта.
Түзетулер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне несие беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқығын қорғау, қаржы нарығын реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының 17-тармағының 3-тармақшасын іске асыру шеңберінде жасалғаны да жазылған.
Құжат жобасына сәйкес, мынадай талаптар қамтылады:
- микронесие сомасын қайтару және (немесе) микронесие беру туралы шарт бойынша сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемені бұзғаны үшін айыпақының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мөлшері мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттеме сомасының 0,2 пайызынан аспайды;
- микронесиенің мәнін қоспағанда, микронесие беру туралы шартта көзделген сыйақы мен айыпақы (айыппұл, өсімпұл) сомасын қоса алғанда, микронесие беру туралы шарт бойынша қарыз алушының барлық төлемі жиынтығында микронесие беру туралы шарттың бүкіл қолданыс кезеңі үшін берілген микронесие сомасының жартысынан аспайды;
- тараптардың келісімі бойынша микронесие беру туралы шарттың қолданыс мерзімін күніне 0,2 пайыздан аспайтын шарт бойынша сыйақыны көздейтін жақсартатын талаптарда күнтізбелік 45 күннен аспайтын мерзімге екі реттен астам емес ұлғайтуға болады.
Қаулы жобасы 19 тамызға дейін қоғамдық талқылауда болады. Сондай-ақ 20 тамыздан бастап қаулы қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!