Фото: Pixabay

Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасы банкротқа ұшыраған «Шығысстройгруп» ЖШС-нан 2 жыл бойы еңбек ақысын ала алмай жүрген 42 кісінің қарызын алып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Прокуратураның араласуынан кейін 12,6 млн. теңге жалақы бойынша берешек төленді.

 «Шығысстройгруп» ЖШС банкроттық басқарушысы 2 жылдан астам уақыт бойы 42 қызметкердің алдында 12,6 млн.теңге жалақы берешегін өтеу үшін өз мүлкін сату шараларын қабылдамаған.

Прокуратураның араласуынан кейін кәсіпорынның бұрынғы басшысы банкроттық басқарушы және салық органдарымен жұмыс кездесуін өткізіп, құқықтық және әдістемелік көмек көрсетті.

Дәйекті әрекеттердің нәтижесінде банкрот кәсіпорынның мүлкі сатылды. Қызметкерлер алдындағы жалақы қарызы толығымен өтелді, – делінген хабарламада.

Жұмыс беруші жалақыны еңбек және ұжымдық шарттарда белгіленген мерзімдерде толық көлемде төлемеген кезде жұмыс беруші Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 87-бабы бойынша да, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 152-бабы бойынша да туындаған зардаптардың ауырлығына қарай жауапкершілік жүктейді.

Жазалар әртүрлі: 200 АЕК-ке дейін айыппұл, түзеу немесе қоғамдық жұмыстарға тарту, 50 тәулікке дейін қамауға алу, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыру жазалары қарастырылған.  

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, прокуратура жұмыс берушілерді өз қызметкерлерінің Конституциялық құқықтарын және Қазақстан Республикасының заңнамасын мүлтіксіз сақтауға шақырады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!