Фото: Halyq Uni
Шымкентте білім ордасын жөндеуге бөлінген шамамен 7 млн теңгенің жымқарылғаны анықталды, деп хабарлады Halyq Uni қалалық прокуратураға сілтеме жасап.
Тұран ауданының прокуратурасы мектепті тексеру барысында 6 млн 843 мың 837 теңгені жымқыру фактісін анықтады. Бұл қаржы 2022-2023 жылдар аралығында №73 орта мектепті ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге, ғимаратты жылытып ұстау үшін көмір жеткізуге бюджеттен бөлінген. Бұдан бөлек, жұмыс істемегеніне қарамастан 2 қызметкерге ай сайын еңбекақы төленіп отырғаны белгілі болды, – деп жазылған хабарламада.
Аудан прокуратурасы мектеп басшылығына қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы («Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, басқа ақпарат жарияланбайды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!