Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 10 мың доллардан асатын АҚШ валютасын Қазақстаннан шығаруға тыйым салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстан президенті валюта мен алтынды экспорттауға тыйым салу туралы жарлыққа қол қойды.

“ Қазақстан Ұлттық Банкінің бағамы бойынша есептелген 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан асатын қолма-қол шетел валютасы және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдары, 5, 10, 20, 50 және 100 граммдық тазартылған алтынның құймалары және Ұлттық банк шығарған алтыннан жасалған «АЛТЫН БАРЫС» және күмістен жасалған «КҮМІС БАРЫС» инвестициялық монеталары, сондай-ақ салмағы 100 грамнан асатын тазартылған алтынды шетелге шығаруға шектеу қойылды”, – делінген хабарламада. 

Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!