Қасым-Жомарт Тоқаев шетелге заңсыз шығарылған қаржыны қайтару бойынша комиссия құрды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен мекемеаралық комиссия құрылды. Бас прокурор жетекшілік ететін бұл комиссия Қазақстаннан шетелге заңсыз жылыстатылған қаржыны елге қайтару бойынша кешенді жұмыс жүргізетін болады», – делінген Борт №1 Telegram-арнасы жариялаған хабарламада. 

Мемлекет басшысы комиссия жұмысын жеке өзі бақылайды.  

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында Үкіметке ол барлық күмәнді транзакцияны тексеруді тапсырған еді. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!