Ресейлік құтқарушылар Түркиядағы қираған ғимарат үйінділерінің астынан 150 мың доллар тапты. Қомақты қаражатты жергілікті полицияға тапсырды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Anadolu  басылымына сілтеме жасап. 

Жойқын жер сілкінісінен кейін кезекті үйіндіні ашқан кезде Ресей ТЖМ қызметкерлері жүз долларлық купюралармен толтырылған тостаған тапты.

“Табылған 150 мың доллар көлеміндегі қаражат жергілікті полицияға тапсырылды», – делінген министрліктің хабарламасында.

Еске салсақ, Түркияда жер сілкінісінен тоғыз күн өткеннен кейін үйінді астынан екі ағайынды құтқарылды.  

Түркияның оңтүстік-шығысындағы жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 31,6 мыңнан асты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!