Ол әрбір жәбірленушіден қомақты ақша алған, бірақ уәдесін орындамай, хабар-ошарсыз кеткен.
Түркістан облысында кәсіпкерлерге субсидия алуға көмектесемін деп 5 млн теңге алып, хабар-ошарсыз кеткен алаяқ әйел ұсталды. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Департаменттің мәліметінше, Жетісай аудандық полиция бөліміне үш кәсіпкер хабарласқан. Олар танысы бизнесті дамытуға мемлекеттен тегін субсидия алуға көмектесуге уәде беріп, ақшаны алып тайып тұрғанын айтып шағымданған.
Ол әрбір жәбірленушіден қомақты ақша алған, бірақ уәдесін орындамай, хабар-ошарсыз кеткен, – деді полиция департаментінен.
Келтірілген шығынның жалпы сомасы 5 миллион теңгеден асқан. Полиция ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдікті табылып, қамауға алынды.
Белгілі болғандай, әйелдің субсидия алу ойында да болмаған, ал кәсіпкерлерден алған ақшасын несиесін өтеуге жұмсаған. Күдікті қамауға алынып, іс сотқа жіберілді.
Фото: gov.kz
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!