Қаржы министрлігі Қазақстанда туыстар арасындағы мобильді ақша аударымдары бойынша ешқандай шектеу жоқ екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді.
«Туыстар арасындағы ақша аударымдарының көлеміне ешқандай шектеу жоқ. Бұл кәсіпкерлік деп қарастырылмайды. Бақылаудың жаңа түрлері бойынша біз үш айдың ішінде әртүрлі адамдардан түсетін аударымдар көлемін ғана қарастырамыз», – деді вице-министр.
Сондай-ақ, вице-министр мобильді аударымдардың еліміздегі көлеңкелі экономиканың көлемін арттырып отырғанын атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін қаржы вице-министрі Қазақстандағы табысты декларациялау барысында жаппай рейдтер мен терсерулердің болмайтынын айтқан болатын.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!