Ұлттық Банк айырбастау пункттерінде шетел валютасын сатып алудың жаңа ережесін белгілейтін жобаны ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жобаға сәйкес айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша теңгеге шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шегі АҚШ доллары үшін – 7 теңге, еуро үшін – 10 теңге деп белгілеу ұсынылады.
«Ұсынылған өзгерістер, ең алдымен, валюта нарығындағы алыпсатарлық әрекеттерді төмендетуге, сондай-ақ қаржы нарығына қатысушылардың тәуекелдерін сейілтуге бағытталған», – делінген хабарламада.
Бұл шектеулер қолма-қол ақшасыз нысанда жүргізілетін айырбастау операцияларына әсер етпейді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!