Бірыңғай жинақтық зейнетақы қоры «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына қатысушылардың тізімін жасады. Қазіргі таңда Қазақстанда ұлттық қордан 1 ақпанда арнайы шоттарына алғашқы аударымдарды алатын кәмелетке толмаған 7 миллион баланың деректері салыстырылуда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар бөліміне сілтеме жасап хабарлайды.
Екі аптадан кейін Қазақстанда кәмелетке толмағандардың арнайы шоттарына ұлттық қордан төлемдер түсе бастайды. БЖЗҚ жобасының операторы қатысушылардың тізімін жасап қойған. Биыл қаңтарда 18 жасқа толғандарды қосқанда 7 миллионға жуық бала ақша алады.
“Биыл 18 жасқа толып кеткендер әлі де жобаның қатысушысына жатады және бір төлем алады, яғни мұнда 2023 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша 18 жасқа толмағандардың барлығына берілуі тиіс. Бұл жобаға барлық бала қатыса алады”, – деді қаржы министрлігі бюджеттік кредиттеу департаментінің директоры Айбол Арғынғазиев.
Қаржы министрлігі жобаға қандас балалардың да қатыса алатынын айтады. Ол үшін Қазақстан азаматтығын алуы керек. Көптеген ата-аналарды қанша қаржы бөлінетіні толғандырады. 2024 жылғылар ғана шамамен 3,5 мың доллар (1 миллион 580 мың теңге) алады. Алдағы уақытта төлемдердің көлемі ұлттық қордың табысына байланысты болады.
“Президенттің ұлттық қорды 100 миллиард теңгеге дейін өсіру туралы тапсырмасы есіңізде ме? Бірақ кірістердің барлығы дерлік алынып, шығындарымыз бюджетке түсіп жатса, ол қалай өседі?”, – деді қаржы сарапшысы Арман Басембаев.
Ұлттық қордан түсетін трансферттерді азайту керек дейді мамандар. Жоба аясында қаражатты білім алуға немесе тұрмыс жағдайын жақсартуға пайдалануға болады. Алғашқы төлемдер 1 ақпанда төленеді. Сонымен қатар ата-аналарға балаларының деректерін egov.kz веб-порталындағы жеке кабинетіне дербес тексеріп, енгізу ұсынылады.
Айта кетейік, бұған дейін «Ұлттық қор — балаларға» жобасына байланысты шу шыққаны белгілі болған. Өйткені кейбір ата-ана баласын тізімнен таппаса, ал енді бірі деректер базасында өз баласының орнына бейтаныс адамдардың тіркелгенін көріп таң қалған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!