Фото: gov.kz

Қаржы министрі Мәди Такиев «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында 304 815 жасөспірім шоттарына түскен қаражатты жұмсап үлгергенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Биыл алғашқы қадам жасалып, 6,9 млн бала 100,52 доллардан алды. Өйткені, Ұлттық қордың кірісі 1,3 млрд доллар болды. Оның жартысы – 695 млн доллар, осы қаражат бөлінді. 2024 жылы 18 жасқа толған не толатын балалар саны – 304 815. 1 наурызда олар 30 млн 640 мың доллар қаражатты алды. Ұлттық қордың кірісі артқан сайын балаларға төленетін төлем көлемі де ұлғаяды, – деді министр.

Такиевтің сөзінше, балаларға төленетін төлем үнемі 100,52 доллар болмайды, оның жоғары шегі әлі белгісіз.

Ең жоғары шегін айта алмаймын, көріпкел емеспін. Дегенмен, оның ұлғая түсетіндігіне үміт бар, – деді Қаржы министрі Үкімет отырысынан соң өткен баспасөз мәслихатында.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!