Қазақстандықтар 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап тұрғын үй сатып алуға немесе емделуге өз зейнетақы жинақтарын пайдалана алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше зейнеткерлер 1 шілдеден бастап БЖЗҚ-да жинақталған қаражатты тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдаланып, біржолғы зейнетақы төлемдерін алу үшін www.enpf-otbasy.kz интернет-платформасы арқылы «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ немесе екінші деңгейдегі банктерге жүгіне алады.
Емделу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану үшін жоғарыда көрсетілген интернет-платформа арқылы «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ға ғана жүгіну керек.
Еске салайық, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап БЖЗҚ азаматтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе емделуге ақы төлеу сияқты әлеуметтік мақсаттарға пайдалану құқығы берілгенін естеріңізге сала кетейік. Дегенмен бұл құқықты келесі санаттағы азаматтар пайдалана алады:
- БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар жұмыс істейтін азаматтар. Олар «төменгі жеткіліктілік шегінен» асатын соманың бір бөлігін пайдалана алады;
- Зейнетақысы жоғалған табыс сомасының (бұрын алған жалақысының) кемінде 40%-ын құрайтын зейнеткерлер. Олар БЖЗҚ-да қалған зейнетақы жинақтары сомасының 50% дейін пайдалана алады;
- Өзіне зейнетақы аннуитетін ресімдеген және әлі де жинақтары бар азаматтар – БЖЗҚ-да қалған зейнетақы жинақтарының сомасы шегінде пайдалана алады.
Бұл норма жұмыс істейтін азаматтарды да, зейнеткерлерді де қамтиды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!