Елімізде жалақы көлемі тез өсіп келе жатқаны барша­мызға белгілі. Сарап­шы­лардың есебіне сүйенсек, қазақ­стан­­дықтардың айлығы көршілес Ресейге қарағанда едәуір жылдам артып келеді. Жұмыскерлердің айлығының өзгеріске ұшырауына не себеп? Мемлекет тарапынан бе­рілген уәде орындалып жатқаны ма? Бұл сұрақ көп­ші­ліктің көкейінде сайрай­тыны заңдылық.
Елдегі номиналды орташа ай­лық жалақы 19,3%-ға өскен. Қазіргі таңда қазақстандықтардың орташа жалақысы шамамен 249 215 тең­гені құраса, Ресейде жалақының ор­таша көлемі 310 000 теңге. Алай­да жоғары көрсеткіштерге қара­мастан, елдегі әлеуметтік ахуал әлі өз орнына келген жоқ. Қара­пайым халық тарапынан біршама наразылық көрінеді. Үкімет уәде бергендей жұмыскерлердің айлығы біршама өсті, дегенмен дүкендегі бағалар төмендеген жоқ. Жал­ақы өссе де, азаматтардың мате­риалдық жағдайы келесі жағдайға байланысты көтерілмеуі мүмкін. Естеріңізде болса, қаңтар айында жанармай бағасының артуы аза­мат­тардың наразылығын тудыр­ды.
Қазір бұл мәселе шешілгенімен алдағы уақытта жанармай баға­сы қайта көтерілмеуіне кім ке­піл? Тауар­­лардың бағасын көтеру аяқталған жоқ. Кез келген дүкен немесе супермаркеттерде тауар­ды көтерме бағамен сататын саудагерлер бар. Азық-түлік баға­сының өсуі – халық­тың тұрмыс-тіршілігіне теріс әсер ететін фактор­лардың бірі. Бүгінде күнде­лікті тұтынатын өнім бағасы күн­нен-күнге шарықтап барады. Сон­дықтан өңірлерде азық-түлік қауіп­сіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының күрт көте­рілуін болдырмайтын шаралар легін пысықтап отыру қажет.
Сондай-ақ елдегі мұғалімдер мен дәрігерлер сияқты соңғы үш жылдан бері ішкі істер органдары қызметкерлерінің де лауазымдық еңбекақысы орта есеппен 30 пайыз­ға өскен. Бұдан бөлек, «Ұлт­тық ұлан» қызметкерлерінің де айлық жалақысы біртіндеп артып келеді. Ол бойынша 2021-2023 жыл­дары офицерлердің жалақысын 70, келісімшарт бойынша қызмет ететін әскерилердің еңбекақысын 60 пайызға арттыру көзделген. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жедел-тергеу бөлімшелері – 55%, патрульдік полиция қызметкерлері – 65%, оқытушылар – 25%, поли-цияның қалған қызметтері мен ҚАЖ мамандары жалақысына 20% қосылған. 2020 жылы құқық қор­ғау қызметкерлерінің айлығы мүл­дем өспеген. Енді алдағы екі жылда учаскелік полиция инс­пек­торла­рының айлығына тағы 30%, орталық аппараттың па­труль­дік полициясы мен инспекторлық қызметкерлерге 15%, аумақтық ор­ган­дардың жедел-тергеу бөлім­ше­леріне 22%, аумақ­тық бөлім­шелердің қалған қыз­мет­кер­лерінің жал­ақысына 7-11% қосы­лады. Со­ны­мен бірге жақында келер жылдың алғашқы айынан бастап тазалық сақтау, күзет қызмет­кер­лерінің де айлық көр­сеткіші арта­тыны туралы мәлім­деме жасалды.
Экономика сарапшысы Юрий Масанов ең төменгі жалақыны кө­те­ру мәселесі жеке сектордағы қыз­мет­керлерге қатысты екенін айтады. Онда басшылық көбі­несе жұмыс­шыларға ең төменгі жал­ақыны бел­гілеп, ақшаның қалған бөлігін «кон­вертпен» береді. «Кәсіп­керлер салықты аз төлеу үшін осындай әрекетке барады. Енді ең төменгі жалақының мөл­шері өскенде атал­ған саладағы қызметкерлердің заң­ды кірісі де артады, яғни зейнетақы және әлеуметтік аударымдары. Сон­дықтан бұл жеке сектордағы қыз­меткерлер үшін жақсы жаңалық болар еді. Президенттің айтуынша, бұл шешім 1 миллионнан аса адамға тікелей әсер етеді. Яғни бүгінде Қазақстанда сонша қыз­меткер ең төменгі жалақыны алып отыр»,– деген болатын экономикалық шо­лушы.

Ботагөз ӘБЕН

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!