Фото: Тұрар Қазанғапов

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Қазақстанда алдағы уақытта қандай номиналдағы банкноттар жаңартылады деген сұраққа жауап берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Жақында «Сақ стилі» сериясынан 10 мыңдық купюра айналымға шықты, оның алдында 5 мыңдық болды. Келесі қандай банкнота кезекте?» – деп сұрады журналистер Сүлейменовтен Ұлттық банкте өткен брифингте.

«Қалғанының бәрі (…) Қателеспесем, ол купюралар бойынша емес қой, бірден бүкіл купюра желісі бойынша ауысады. Яғни, бес, он және қалғаны (олардан кейін – еск.) кетеді: екі мың, мың (теңге)», – деп жауап берді Сүлейменов.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!