Жастар кәсіпкерлігін дамыту мақсатында 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жастарға 2,5% шағын несие берілмек, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Бұл жоба жайлы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйектегі жолдауында айтқан болатын.
Несиені 35 жасқа дейінгі азаматтар алуға құқылы. Үміткердің жасы құжаттарды тапсыру кезінде ескеріледі.
Сонымен қатар несие алушы жеке кәсіпкер болса, тіркелген мерзімі 5 жылдан аспауы керек.
Несие алудың негізгі шарттары:
- төлем мерзімі – 5 жылға дейін (ауыл шаруашылығы саласындағы жобалар үшін – 7 жылға дейін)
- несиенің ең жоғары сомасы – 5 миллион теңге
- пайыздық мөлшерлемесі – жылдық 2,5% аспайды
- кепілдікке үй немесе сол сомаға сәйкес келетін мүлік қою міндетті
Жеңілдетілген несиені 5,8 мың жас кәсіпкерге беру жоспарланып отыр. Шағын несие алудың ережелері мен нормалары жайлы құжат Ашық НҚА порталында жарияланған.
Жастарға арналған жаңа жоба «Аграрлық несие корпорациясы» АК арқылы беріледі. Несиені рәсімдеумен халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар айналысады.
Айта кетейік, Президент өз сөзінде Қазақстанда шағын жане орта бизнесті қаржыландыру ушін 42 миллиард долларға жуық қаражат жетіспейтінін айтты.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!