Әлеуметтік желіде жеңілдетілген несиеге көлік сатып алмаған қазақстандықтар қара тізімге ілініп, екі жылға несие рәсімдеуге тыйым салынады деген хабар тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ақпаратты индустриялық даму қорының баспасөз қызметі жоққа шығарды.
“Әлеуметтік желілерде жарияланған ақпаратқа сәйкес, егер адамға жеңілдетілген несиеге рұқсат етілсе, бірақ бір айдың ішінде сатып алу бір себептермен жүзеге аспаса, азамат екі жылдан кейін ғана жеңілдетілген автокөлік несиесін қайта рәсімдей алмайды. Сондықтан, сіз көліктің қолжетімді екеніне көз жеткізуіңіз керек», – деген ақпарат тарады.
Министрлік бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Автокөлік сатып алушыға жеңілдетілген несиеге көлік сатып алғаннан кейін ғана екі жылға дәл осы жеңілдік бойынша несие алуға шектеу қойылады», – деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 23 мамырдағы жағдай бойынша индустриялық даму қоры 4,8 мың өтінімді мақұлдаған. Бағдарлама бойынша қазақстандықтар 34 автокөлік сатып алуға қол жеткізді. Өтінімдерді ЦентрКредит Банкі, Еуразиялық банк, Халық банкі қабылдайды. Бұл тізімге Forte Bank да кіреді деп болжануда.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!