Жетісу облысында көршісін онлайн несие алуға мәжбүрлеп, ақшасын тартып алған күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған факт Қаратал ауданында тіркелді. Онда полицейлер Үштөбе қаласының 25 жастағы тұрғынына қатысты жасалған тонау фактісі бойынша тергеп-тергеу жұмыстарын бастады.
Жас жігітті өз көршісі қорқытып, онлайн-несие алуға мәжбүр етіп, ақшаның барлығын өзіне алып алған.
«Күдікті ретінде бұрын ұқсас құқық бұзушылықпен, яғни тонау үшін жауапқа тартылған 21 жастағы жігіт ұсталды. Несие сомасы шамамен 30 мың теңге, ақшаның барлығын ол жұмсап үлгерген. Қазір ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тонау фактісі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде», – деді Қаратал ауданы полиция бөлімінің бастығы Нұрболат Шаму.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!