Фото: ОКҚ

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев өңірдегі орташа жалақыны атап, өзі аймақ басшысы ретінде қанша алатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында облыс әкімінен журналистер оның жалақысы қанша екенін және ол азық-түлікке жаратуға қаржысы жеткілікті ме деп сұрады. 

“Әрине жалақым жеткілікті. Мен қолыма арасында берілетін сыйақыны қосқанда шамамен 1 миллион 800-900 мың теңге көлемінде аламын. Өйткені менің мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілім көп. 30 жылға жуық осы салада жүрмін. Сондықтан мен ең жоғары жалақы аламын”,- деп жауап берді аймақ басшысы.

Сондай-ақ Исабаев облыстағы орташа жалақы туралы айтты. Айтуынша өңірде ол 259 мың теңге болса, республика бойынша орташа жалақының көрсеткіші 350 мың теңге.

«Азық-түлік бағасы 9,6%-ға өсті. Бұл маусымдық және бұл бір ай бұрын болды. Біз форвардтық сатып алулар жүргізіп, офтейк келісім-шарттарын жасап жатырмыз. 6 мың тонналық үш көкөніс сақтау қоймасын салдық. Картоп, пияз, сәбіз, күнбағыс майы, күріш және ең қажетті тауарларды 100 пайызға толық қамтыдық. Енді 11 айдың қортындысын көретін боламыз. Меніңше, бізде орташа статистикалық көрсеткіштер болады», – деп толықтырды о

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!