Қазақстан Банктеріндегі долларлық салымдарға арналған мөлшерлеме жылдан-жылға төмендеуде. Сол себепті халыққа өз қаражатын теңгелік салымдарға салуға тура келеді. Ал валюталық депозиттердің төмен мөлшерлемесіне қанағаттанбайтын тұтынушылар жаңа инвестиция құралын іздейтіні айтпаса да түсінікті. Сондықтан «Халық-Life» өмірді сақтандыру компаниясы «Халық-Қазына» өмірді сақтандыру бағдарламасына қаражат салуды ұсынады. Өйткені «Халық-Қазына» бағдарламасы ақшалай қаражатты үнемдеудің және көбейтудің тиімді нұсқасы. Ол сақтандырудың барлық мерзіміне табыстылық мөлшерлемесін АҚШ долларына шаққанда, жылдық 4,2%-ға дейінгі мөлшерді қамтамасыз етеді. Бұл шетел валютасымен қамтамасыз ететін кез келген банк салымымен салыстырғанда едәуір жоғары  мөлшерлеме. Сондай-ақ, сақтандыру бағдарламасы тұтынушының барлық салым мерзіміне өмірді сенімді сақтандыру арқылы жоғары деңгейдегі қорғанысқа ие бола тұрып, кепілдік береді. Табыстылық мөлшері сақтандыру мерзіміне байланысты. Мерзімі неғұрлым жоғары болса, табыстылықтың кепілдендірілген мөлшерлемесі соғұрлым жоғары.

«Халық-Қазына» өмірді сақтандыру бағдарламасының инвестициялаудың басқа түрлерінен өзгешелігі мынадай:

Жинақтаудың бүкіл мерзіміне адамның өмірі мен денсаулығына қатысты сақтандыру қорғанысы қолданылады. Яғни сақтандырылған адам қандай да бір себеппен қаза болған жағдайда, сақтандыру төлемі сақтандырудың барлық кезеңі үшін есептелген кепілді табыспен бірге жүзеге асады;

Жинақты валюта бағамының ауытқуынан қорғау, яғни сақтандыру жарнасының төлемі мен сақтандыру сомасының төлемақылары теңгемен жүргізіледі, бірақ жарна төленетін немесе төлем жасалатын күнге ҚР Ұлттық Банкі белгіленген АҚШ долларының бағамы бойынша қайта есептеледі;

20 жылға дейінгі сақтандыру мерзіміне 4,2%-ға дейінгі табыстың кепілдендірілген мөлшерлемесін алу;

Сақтандыру шарты бойынша сатып алу сомасының кепілімен қарыз алу мүмкіндігі;

Жинақты мерзімінен бұрын алу. Бұл сақтандыру шартын мерзімінен бұрын бұзу мүмкіндігі;

Сақтандыру құпиясын қамтамасыз ету, яғни салымдар мен жинақталған қаражат мөлшері туралы ақпарат жария етілмейді;

Сақтандыру шарты бойынша салымдарға тыйым салынбайды немесе басқа да сот тәртібімен өндіріліп алынбайды;

Ерлі-зайыптылар ажырасқан кезде салымдар бөлінбейді.

Бұл бағдарламаның тұтынушы білуі тиіс маңызды ерекшеліктері:

Біріншіден, тұтынушының сақтандыру шарты бойынша сатып алу сомасын кепілге қойып, қарыз рәсімдеуге мүмкіндігі бар. Сақтандыру ережелерінде қажеттілік туындаған жағдайда, сақтандыру бағдарламасын алғаннан кейін бір жыл өткен соң, тиісті жылға сақтандыру шартында көрсетілген сатып алу сомасының 85% мөлшерінде сақтандыру компаниясынан қарыз рәсімдей алу құқығы қарастырылған. Бұл ретте қарыз бойынша мөлшерлеме айтарлықтай ыңғайлы және жылына 22,3%-ды құрайды және қосымша комиссиялар қарастырылмаған. Сондықтан тұтынушы қаржы керек болған жағдайда жинағының бір бөлігін пайдалана алады.

  Екіншіден, Қазақстандық Заңнамаға сәйкес өмірді жинақтаушы сақтандыруға инвестицияланған қаражатты өндіріп алуға болмайды. Бұл дегеніміз – өмірді жинақтаушы сақтандыру шартын жасау арқылы сақтандыру компаниясына салынған қаражат серіктестер мен талап-арыздар, тіпті ерлі-зайыптылардың ажырасуы кезінде  салық инспекциясы үшін қолжетімсіз ақпарат. Мұндай жағдайлар орын алғанда жылжымайтын мүлік, акциялар, құнды қағаздар, облигациялар, банк шотындағы қаражаттар, зергерлік бұйымдар сияқты құндылығы жоғары активтерден айырылып қалу қаупі жоғары. Сондықтан бизнесте жүрген жандарға күтпеген жағдайда өтімді активтердің болуы керек екені белгілі. Бұл жағдайда «Халық-Қазына» бағдарламасы – ең тиімді әрі оңтайлы таңдау екені сөзсіз.

Ляззат ТЛЕУБАЕВА,

«Халық-Life» өмірді сақтандыру компаниясы Қызылорда филиалының

 сату жөніндегі бас менеджері

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!