Жәрдемақы мөлшері қалай және ол қандай формуламен есептеледі?

Өткен материалда жұмыссыз қалған және жәрдемақы алғысы келетін қазақстандықтарға мемлекет белгілеген шарттар мен талаптар туралы айтқан болатынбыз. Енді жәрдемақының қалай есептелетінін және оның мөлшеріне не әсер ететінін қарастырайық.

№1 Жәрдемақы мөлшері қалай есептеледі?

Қазақстанда жұмыссыз қалғанда берілетін жәрдемақының бәріне ортақ мөлшері жоқ. Бұл сома жұмыс берушінің әлеуметтік сақтандыру қорына төлем жасаған орташа айлық табысының мөлшеріне және қызметкердің әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі өтіліне байланысты.

Мысалы, қызметкер 100 мың теңге мөлшерінде жалақысынан төлем жасап, қалған екінші бөлігі 150 мың теңгені конвертте алса, жәрдемақы төлейтін кезде 100 мың теңге жалақы ғана есептеледі.

№2 Қандай формула қолданылады?

Жәрдемақы мөлшерін есептеу үшін азаматтың 24 айда алған жалпы кірісі есепке алынып, оны 24-ке бөледі (бұл орташа айлық кірісті анықтау үшін керек – SDM), шыққан сан кірістерді ауыстыру коэффициентіне (KZD) – 0,45 және қатысу өтілі коэффициентіне (KSU) көбейтіледі.

Жұмыссыз қалғандағы жәрдемақы = (24 айдағы жалпы табыс): 24 х 0,45 х ҚӨК

Осы формуланың қалай жұмыс істейтінін мысалмен көрсетейік, енді есептеулер үшін маңызды көрсеткіш – ҚӨК туралы айтамыз. 

№3 Қатысу өтілі коэффициентінің мөлшері

ҚӨК мөлшері заңмен белгіленген және жұмыс беруші қызметкерге мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар төлеген айлардың санына тікелей байланысты.

Қатысу өтілінің коэффициенті:

  • 6 айдан аз – 0,1;
  • 6 айдан 12 айға дейін – 0,7;
  • 12 айдан 24 айға дейін – 0,75;
  • 24 айдан 36 айға дейін – 0,85;
  • 36 айдан 48 айға дейін – 0,9;
  • 48 айдан 60 айға дейін – 0,95;
  • 60 айдан 72 айға дейін – 1;
  • 60 айдан бастап – міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілінің әрбір 12 айы үшін 1-ге  0,02 қосылып отырады. 

№4 Жердемақы мөлшерін қалай есептейміз?

Жәрдемақыны заңда белгіленген формула бойынша есептеу тәртібін мысалда көрсетеміз.

Азамат А. 24 күнтізбелік ай бойы жұмыс істеді:

№ 1 кәсіпорын – 8 ай; жалақы –  200 мың теңге;
жұмыссыз үзіліс – 2 ай, кіріс – 0 теңге;

№ 2 кәсіпорын – 14 ай; жалақы – 230 мың теңге.

Біздің алатынымыз:

8 X 200 000 = 1 600 000
2 x 0 = 0
14 x 230 000 = 3 220 000
Тиісінше (1 600 000 + 0 + 3 220 000) : 24 = 200 833

Осылайша, жұмыссыз қалғанда берілетін жәрдемақыны есептеу үшін алатын А.-ның орташа айлық табысы – 200 мың 833 теңге.

Ауыстыру түзету коэффициентін қолданамыз:

200 833 x 0,45 = 90 375

Азамат А.-ның міндетті сақтандыру жүйесіне алғашқы жұмысқа орналасу сәтінен бастап қатысу өтілі 40 айды құрайды.

Бұл көрсеткіш үшін қатысу коэффициенті – 0,9.

90 375 x 0,9 = 81 338

Осылайша, азамат А. айына 81 338 теңге көлемінде жұмысынан айырылған жағдайда жәрдемақы алуға құқылы.

№5 Жердемақыны қанша уақыт алуға болады?

Қызметкерге жұмыссыз қалғанда келесі әлеуметтік төлемдер тағайындалады:

  • бір айға – егер ол үшін 6-12 ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілсе;
  • екі айға – егер ол үшін 12-24 ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілсе;
  • үш айға – егер ол үшін 24-36 ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілсе;
  • төрт айға – егер ол үшін 36-48 ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілсе;
  • бес айға – егер ол үшін 48-60 ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілсе;
  • алты айға – егер ол үшін 60 ай немесе одан да көп уақыт ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілсе.

Қарастырылып отырған мысалға оралайық. Азамат А.-ның әлеуметтік жүйеге қатысу өтілі 40 ай. Демек, азамат А.-ға 81 338 теңге мөлшерінде жәрдемақы төрт ай ішінде төленетін болады.

№6 Есептеу кезінде қолданылатын жалақының ең үлкен мөлшері қандай?

Жәрдемақыны есептеу үшін алынатын соңғы 24 айдағы орташа табыстың мөлшері жеті ЕТЖ-дан (ең төменгі жалақы) аспауы тиіс. 2023 жылы бұл сома 490 мың теңгені құрайды. Сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі 60 ай (бес жыл) болғанда, өтіл коэффициенті бірлікке тең болады. 0,45 түзету коэффициентіне көбейтіп, 220 500 теңге аламыз.

490 000 x 0,45 x 1,0 = 220 500

Қатысу өтілінің ұлғаюымен, тиісінше, бұл сома әрбір келесі жыл үшін 0,02 қосымша коэффициентіне өседі. Мысалы, 6 жылдық қатысу өтілі және мүмкін болатын ең жоғары табыс кезінде жәрдемақы:

220 500 x 1.02 = 224 910

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!