Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор Ағыбаев Арықбай Нүсіпәліұлының құрметіне арналған «Құқық және әділет: Жаңа қоғамдағы құқықтық теңдік мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияның мақсаты – Арықбай Нүсіпәліұлының құқықтық теңдік және әділет тақырыптарындағы ғылыми мұрасын ұлықтау. Сонымен қатар, жаңа қоғамдағы құқықтық теңдік мәселелерін талқылап, жастар мен ғалымдардың ғылыми зерттеулерін бөлісу.
Кездесуге Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің бас редакторы, география ғылымдарының кандидаты Қали Омаров, Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы Жұлдыз Жакеева, Облыс прокурорының орынбасары Мәди Сарпеков, Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің криминалистика бөлімінің басшысы Батырхан Садықов, Қызылорда облысының адвокаттар алқасы Сауле Айтмаханкызы, Қызылорда қалалық сотының судьясы Ергали Шекербеков, қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының басқарма прокуроры Бек-Сұлтан Имантаев, Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің талдау әзірлемелер бөлімінің басшысы Қайрат Ахметов, заң ғылымдарының докторы, профессор, Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің “Кеден, қаржы және экологиялық құқық” кафедрасының меңгерушісі Гүлдана Қуаналиева, Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қауымдастырылған профессор заң ғылымдарының кандидаты Орынбасар Тлепбергенов, заң ғылымдарының магистрі, сеньор-лектор Нұргүл Қобдабаева, Қызылорда облысының адвокаттар алқасы Жанар Түменбай, оқытушылар мен студенттер және Ресей, Қарақалпақстан, Қырғызстан мемлекеттерінен, сонымен қатар еліміздің түкпір-түкпіріндегі жоғары оқу орындары қатысты.
Конференция қонақтары профессор Ағыбаев Арықбай Нүсіпәліұлының ғылым мен құқық саласындағы зор еңбегін тебіреніспен еске алып, оның өнегелі өмір жолына тағзым етті.
Іс-шарада құқықтық теңдік, әділет қағидаттары және адам құқықтарын қорғау мәселелері кеңінен талқыланды.
Жиын аясында жас ғалымдар мен студенттер өз ғылыми зерттеулерін ұсынып, пікір алмасты.
Екі секция жұмысының қорытындысы бойынша І орынды Бердах атындағы Қарақалпақстан мемлекеттік университетінің студенті Малика Қытайбекова мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті Ақжан Әділхан, ІІ орынды Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері Анель Ахметқали, наргиз Райымбек, Жібек Анапия және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Назым Төлегенова, ІІІ орынды Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері Ернар Сейсентаев, Меруерт Әбдібек, Балнұр Жақсылық, Ислам Абилдаев және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің студенттері Мелекханум Мамлиева және Назерке Изтелеуова иеленді.
Іс-шара жас ғалымдар мен студенттердің құқықтық білімдерін тереңдетуге, олардың ғылыми және тәжірибелік тұрғыда дамуына мүмкіндік берді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!