Бір айдан астам уақытқа созылған ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен инновациялар саласындағы стартап жобаларды қолдауға бағытталған DEEPSCALE инкубациялық бағдарламасы аяқталды.
Бағдарлама аясында Қазақстанның әр өңірінен келген сала мамандары мен сарапшылардың қатысуымен воркшоптар мен трекинг-кездесулер өтті. Бағдарламаға қатысқан 26 жобаның ішінен 15 жоба барлық кезеңнен сәтті өтіп, қорытынды Demo Day-ге жолдама алды. Қатысушылардың жобаларында IT, өндіріс және жасанды интеллект бағыттары бойынша түрлі ұсыныс пен идея қамтылды.

Қорытынды Demo Day іс-шарасында қатысушылар стартап жобаларын потенциалды инвестор мен сарапшыларға таныстырып, оң бағаларын алды. Бағдарламаны сәтті аяқтаған жобалар алдағы уақытта Қазақстанның венчурлық қорлары мен жеке инвестордан қаржы тартуға бағытталған келесі кезеңге өтеді.

DEEPSCALE инкубациялық бағдарламасы жас кәсіпкерлерге өз жобаларын дамытуға, нарыққа шығу стратегияларын құруға және инвестиция тартуға қажетті білім мен тәжірибе берді. Бағдарламаның сәтті аяқталуы Қызылорда өңіріндегі стартап экожүйесінің дамып келе жатқанын көрсетеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!