Қызылордада инновациялық экожүйені қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Бұл туралы Kyzylorda Hub бизнес-инкубаторының жетекшісі Жанарыс Тубекбаев мәлімдеді.

Аймақтағы негізгі инновациялық орталық саналатын Kyzylorda Hub өз жұмысын бастағалы бері ауқымды нәтижелерге қол жеткізген. Бүгінге дейін хаб алаңында 389 іс-шара өтіп, оған 13 994 адам қатысқан. Соның ішінде жасанды интеллект бағыты бойынша 93 іс-шара ұйымдастырылып, 1 752 қатысушы қамтылған. Ал жобаларға тартылған инвестиция көлемі 42,2 млн теңгені құрайды. Спикердің айтуынша, 2026 жылдың басты басымдығы – жасанды интеллект.

— Осы бағытта өңірде «AI-Movement» концепциясы аясында мемлекеттік мекемелер, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары мен кәсіпкерлерге арналған AI Bootcamp бағдарламалары іске асырылады. Төрт күнге созылатын оқыту барысында қатысушылар генеративті жасанды интеллекттің негіздерін меңгеріп, өз қызметінің тиімділігін арттыра алады. Сонымен қатар, өңірде IT саласындағы білім беру, стартаптарды қолдау және цифрлық шешімдерді енгізу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да ұйымдастырылады, — деді спикер.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!