Кейінгі кезде интернет алаяқтық деректері көбейіп барады. Мәселен 2016 жылы елде 1 мың қылмыстық іс тіркелсе, былтыр бірден 20 мыңға көбейді. Яғни 2021 жылы 21 мың іс тіркелді.
Интернет арқылы аңқау азаматтардың іші-бауырына кіріп, тонайтындар биыл да тыйылмай тұр. Жыл басынан бері 11 763 дерек анықталды. Келтірілген шығын көлемі 7 миллиард теңдеген асады. Осындай алаяқтықпен айналысқан 571 азамат ұсталды. 17 қылмыстық топтың жолы кесілді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!