Қазір интернет қазақстандықтарда қалай ұстаса, менде де солай. Жұмыс істеп жатырмыз.
ифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин интернеттің нашарлауын кибершабуылдарға қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстармен байланыстырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қыркүйек айының соңында Қазнетке кибершабуыл жасалғаны белгілі болды. Министрдің айтуынша, қазір осындай кибершабуылдарға төтеп беру үшін тиісті шаралар жүргізіліп жатыр.
«Кибершабуылға төтеп беру үшін жағдайымызды түзетуіміз керек. Сол себепті осындай жағдай кезінде аздап проблема туындауы мүмкін. Оған қоса, бұл тек мемлекеттік органдардың интернет ресурстарын ғана емес, бүкіл қазақстандық инфрақұрылымды сақтап қалу үшін жасалып жатқан шаралар. Біздің ең басты міндетіміз – Қазақстанның барлық ресурсын қорғау», – деді Мусин үкімет кулуарында.
Ол тек мемлекеттік инфрқұрылымға ғана емес, кейбір БАҚ сайттарына да шабуыл жасалғанын атап өтті. Сол себепті осындай кибершабуылдарды болдырмау үшін ақпараттық қауіпсіздіктің деңгейін арттыру қажет.
«Қазір интернет қазақстандықтарда қалай ұстаса, менде де солай. Жұмыс істеп жатырмыз, кей кезде ақау болады, оны бәріміз сезіп жатырмыз. Бірақ сәл күту керек. Егер кибершабуыл көбейіп кетсе, инфрақұрылым құрып, мүлде жұмыс істемей қалуы мүмкін. Жалпы алғанда интернет жұмыс істеп тұр, жоқ деп айтуға болмайды», – деді Мусин.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!