Бүгінгі таңда ең қажетті мамандықтың көшін бастап тұрған – ІТ саласы. ТМД елдері бойынша бұл мамандықта көбіне ерлер сұранысқа ие. Алайда соңғы уақытта қыздар қаумының да таласы бар. Көпшілік “бұл жұмыс ерлерге арналған”, “ерекше қабілетті қажет етеді”, “технология тек ерлер үшін” деген қағидаға сенеді. Сонымен бұл пікірді сынап көрейік.
ІТ (ақпараттық технология) дегенді қа­лай түсінесіз? Бұл салада бағдарлама­лаудан бөлек иммерсивті технология (VR/AR) бар, бұған маркетолог, жүйе ар­хитекторы, тәжірибелі дизайнер, UX/UI дизайны (қол­данушы интерфейсін дайын­дау), жоба менеджері, SMM, Data Science, мануал­ды және автоматтандырылған тес­тілеу мама­ны қажет. Сол себепті қазіргі индустрияға келген адам жан-жақты дамыған, мәсе­лені оң әрі тез шеше алатын, сыни ойлай­тын, ойлау қабілеті зор болуғаЗ тиіс. ІТ са­ла­сы қыздар мен әйелдерге кәсіби әрі же­ке тұлға болып дамуға көп мүмкіндік береді. Кез келген ғылымда жүрген адам (қоғамдық, жаратылыстану, техникалық, шы­ғарма­шылық) бұл бағытта да құлашын кеңге жая алады.
Сонымен қатар АТ (ақпараттық техно­ло­гия) саласында маман иесі өмірін жос­пар­лауды, жеке дамуды, қаржылық сауа­тын дамытуды, мансабын көтеруді үйре­не бастайды. Егер белгілі бір орында жұмыс­кер болуды елестете алмаса, өздігінен жа­ңа бастама ұсына алады, қазір сәтті да­йындалған стартап жобаларға жақсы қол­дау көрсетіледі.
Digital бағытта болашағын көретін қыз­дардың сағын сындыратын көптеген қағи­далар бар. Міне, солардың бір шоғыры:

  1. АТ бағытында тек математиканы жақ­сы оқығандар жұмыс істей алады.
    Бұл бағытта бағдарламалаудан бөлек қыздар жобаны басқару, қосымшаны тесті­леу, ойын дизайнын дайындау деген маман иесі де бола алады.
  2. АТ-да топта қыздармен жұмыс істей алмайтын (сөзге келе беретін) ерлер көп.
    Жынысқа бөлмей-ақ жақсы тіл табыса­тындары да бар.
  3. АТ университетінде оқып, қыз бала ештеңеге қол жеткізе алмайды, себебі бұл ерлердің ортасы.
    Иә, қыздарға оңай соқпасы анық. Бірақ қыздардың позитивті ойлау қабілеті жоғары болған сайын жеңіске жақын болады.
  4. Қыздар қоғамдық ғылымға не шығар­ма­шылық бағытқа лайық, АТ оларға ар­нал­­маған.
    Ғылым жынысқа бөлінбейді.
  5. Қыздардың оқу барысында қанша үлесі болғаны маңызды емес, оқу проце­сіне әсер етпейді.
    Бұл жаңсақ пікір, қолдау көрмеген қыз­дар өз мамандығынан бас тартады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!