18-19 наурыз күндері Kyzylorda Hub алаңында «Amanat» партиясының облыстық филиалымен бірлескен «Amanat AI ToT» интенсивті оқыту бағдарламасы өтеді. Іс-шара Қазақстандағы Жасанды интеллект және цифрландыру жылы аясында, сондай-ақ «Цифрлық мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылуда.

Екі күнге созылатын бағдарламаға аймақтың түкпір-түкпірінен жастар қатысады. Оқытудың басты мақсаты – аудан жастарына жаңа технологияларды үйрететін көшбасшыларды даярлау және олардың жасанды интеллект сауаттылығын арттыру.

Оқу бағдарламасы аясында қатысушылар келесі бағыттар бойынша білім алады:

  • Генеративті жасанды интеллект негіздері: нейрожелілермен жұмыс істеу қағидаттары және дұрыс сұраныс (промпт) құрастыру.
  • Цифрлық контент генерациялау: ЖИ көмегімен мәтіндер, суреттер мен презентациялар жасау.
  • Вайбкод (Vibecoding): бағдарламалау тілін терең білмей-ақ, ЖИ-мен табиғи тілде сөйлесу арқылы сандық құралдар мен автоматтандырылған жүйелерді әзірлеу.
  • Тренерлік дағдылар (ToT): күрделі технологиялық терминдерді қарапайым тілмен түсіндіру және жергілікті воркшоптарды ұйымдастыру әдіснамасы.

Интенсив қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталады. Бұл бастама аймақтағы цифрлық теңсіздікті азайтуға және жастардың инновациялық әлеуетін арттыруға бағытталған.

Қосымша ақпарат:

  • Өтетін орны: Қызылорда қаласы, Kyzylorda Hub
  • Күні: 18-19 наурыз
  • Уақыты: 10:00 – 12:30
  • Қатысушылар саны: 30 адам

Бағдарламаға тіркелу сілтемесі: https://forms.amocrm.ru/rwccxwd

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!