Фото: ашық дереккөзден

Бүгінде роботтардың адам өміріне әсері айқын түрде көріне бастады. Оның қоғамның күнделікті қажеттіліктеріне көмегі күннен күнге артуда.

Технология дами түскен сайын роботтардың да түр-түрі шығып оң бастады. Ең алдымен «робот дегеніміз не?» деген сұраққа жауап беріп алайық. Адам тәрізді әрекеттер, қимылдар жасайтын машина; адам жүрісі мен қимылын қайталайтын, адам қажетіне еңбек етуге бағытталған, күрделі кұрылғы. Алғашқы роботтар адамның қозғалысы мен сырт пішінін қайталады. Олар ойын-сауық мақсаттарында пайдаланылды. Қазіргі кезде тұрмыстағы көптеген қызметтерді атқаратын, қадағалайтын, мүгедектер мен сәбилерге көмекші, көңілін аулайтын, т.б. роботтар жасалынды, интеллектуалдық роботтар да пайда бола бастады.

Роботтар адамзаттың әлі жетпеген немесе атқара алмаған жұмысын әлдеқайда табысты әрі тиімді орындайтын машина түрлері Мәселен, автокөліктерді бөлшектері бойынша құрастыру, заманауи технология бойынша – робот-хирургтердің сәтті ота жасауы. Өндіріс және тұрмыс, ойын-сауық, тіпті ғарыш саласында роботтарды жиі пайдалануда.

Осындай жұмыс нәтижелерінің бірі ақылды үй жобасы. Ақылды үй (Smart Home) – бұл өзара байланыста жұмыс жасайтын және барлық мәселелерді шешетін үйдегі барлық инженерлік жүйелердің бір желіге біріктірілуі. Ол мәселелерді әдетте үй иесі тұрмыс барысында өз бетімен шешіп отырады.Мәселен – сағат ояну уақытын өзі еске салады, жарық қозғалыс сезбегіне сай қосылады, плита өзі таңғы ас дайындайды, шаңсорғыш бағдарламаланған уақытына сай уақытта үй жинауды бастайды. Егер үй иесі үтікті өшіргенін немесе өшірмегенін есіне түсіре алмаса, онда ол бұйрық жіберу арқылы розетканы электр көзінен ажырата алады. Автоматикалық жүйелер ғимараттың ішінде болып жатқан іс-әрекеттің барлығын бақылауда ұстайды. Тұрмысқа қажетті сұрақтардың бірқатарын үй иесі қолындағы смартфонының арқасында шеше алады.

Қалай десек те қазір роботтар қоғамда ерекше белсенді күшке иелік етіп келе жатқанын анық аңғарамыз. Қолымыздағы байланыс құралымен тіпті үйімізбен байланысқа шығып, оның әрбір техникасын жеңіл басқарып отыратын кезеңге аяқ бастық. Келешек адам күшін қажет ететін қызметтердің біразын роботтар басқаратындай көрінеді…

Монетаның да екі беті болатыны секілді, мұның да бір өзіндік кемшін тұстарын байқап саралап ой елегінен өткізген дұрыс. Адамдар роботтардың көмегімен біраз дүниені жеңіл басқаратын кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Бастысы сол роботтар адамдарды басқараып кетпесе екен…

Ботагөз ИНАБАТОВА,

№187 IT мектеп-лицейінің

бітіруші түлегі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!