2024 жылдың 25 қазан күні Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Студенттер сарайында «SMART CITY KYZYLORDA HACKATHON 2024» облыстық IT жобалар хакатоны өтетінін хабарлаймыз!

Жүлде қоры: 1 500 000 теңге және 3 білім гранты

  • Хакатон 3 бағыт бойынша жобалар қабылдайды:
  • «Әзірлеу» (Development) бағыты – сайт, мобильді қосымша, бот және ойындар әзірлеу бағытындағы жобалар.
  • «Модельдеу» бағыты – 3D моделдеу, робототехника, жасанды интеллект, ақылды заттар және BIM технологиялар аясындағы жобалар.
  • «Әлеуметтік және цифрлы медиа» бағыты – LMS, онлайн оқыту, анимация мен кинематограф тақырыптарындағы жобалар.

Егер сен өзіңнің инновациялық идеяңды жүзеге асырып, ІТ саласына қадам басқың келсе, БІЗ СЕНІ ХАКАТОНДА КҮТЕМІЗ!

Өту уақыты: 25 қазан 2024, сағат 10:00
Өту орны: Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Студенттер сарайы, Жақаев к-сі 11

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!