Осы уақытқа дейін адамдарды идентификациялаудың сан алуан түрлері ойлап табылды. Мысалы, тарихта билеуші тұлғаларды ерекшелейтін арнайы мөрлер, қолтаңбалар, бұйымдар болды. Уақыт өте келе мыңдаған, миллиондаған адамдар жайлы ақпараттарды сақтау және идентификациялау үшін мұндай әдістер жеткіліксіз болды. Осы мақсатта 20 ғасырдың екінші жартысында логин және құпия сөз (пароль) терминдері енгізілді, содан соң идентификациялайтын прогрессивті даму жолындағы биометриялық технология пайда болды.

       Биометриялық технологиялардың негізгі мақсаты – маңызды деректерді қолсұғушылықтан қорғау. Осы мақсатта адам денесіндегі әртүрлі із қалдыратын облыстарды идентификацияға қажетті ресурс ретінде пайдаланады. Бұл ғылымдағы алғашқы қадамдар б.з.д. ежелгі дүние тарихы кезеңінде пайда болды. Биометриялық технологиялардың алғашқы бастамалары ежелгі Вавилон мен Ассирия мемлекеттерінде басталған. Дегенмен  биометриялық идентификация әдістерінің негіздері 19-ғасырға дейін толық сипатталмаған еді.

       Парижде Альфонс Бертильон дененің әртүрлі бөліктерін өлшеу арқылы қылмыскерлерді тану және салыстыру әдісін жасады. Бұл жүйе жетілмесе де, ол адамдарды тану үшін антропометриялық деректерді қолдануға себепкер болды. 1880 жылдардан бастап полиция басқармаларында қылмыскерлерді идентификациялау үшін олардың саусақ іздерін зерттеу және салыстыру тактикасы кеңінен қолданылған.  Эдвард Генри саусақ ізін тану жүйесінің стандартын жасаған соң, ХІХ ғасырда саусақ іздерінің иелері жайлы ақпаратты қамтитын арнайы деректер қоры құрылған. 1870 жылы Бертиллон антропометрияны  ойлап тапты. Бұл адамдарды денелерінің ерекше белгілері, денелерінің суреттері және олардың физикалық сипаттамалары арқылы анықтау үшін қолданылатын әдіс.

     2000 жылдары биометрияны қолдану қарқын ала бастады. 2010 жылдың наурызында Google дауыстық іздеудің бета нұсқасы YouTube-ке енгізілді.     2011 жылы ЦРУ Усама бин Ладеннің қалдықтарын растау үшін ДНҚ мен бет-әлпетті тануды қолданды. 2013 жылы Apple 5s, 6 және 6+ телефондарында, сондай-ақ iPad Air 2 және Mini 3 телефондарында қол жетімді Touch ID шығарды. 2018 жылы алғашқы MasterCard биометриялық картасы шығарылған кезде биометрияны коммерциялық қолдануда үлкен серпіліс болды. Бұл карта дүкендегі сатып алуды тексеру үшін саусақ ізі чиптерінің технологиясын біріктірді.

     Әлемдік биометриялық деректер нарығының кірісі 2030 жылға дейін тұрақты түрде өседі деп болжануда. Биометрияның бай тарихы және болашағы бар. Саусақ іздерін идентификациялаудан басталған технология адамның дауысы, жүрек қағысы, тамырлары, тіпті көздің нұрлы қабықшасы арқылы тануды жүзеге асыратын дәрежеге жетті. Бұл технологиялардың қымбатшылығына қарамастан, адамдардың тұрмыс-тіршілігіне ене бастағанын байқауға болады.

Абдолла ӨРЕНҰЛЫ

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!