Адамның кез келген жетістігі – жеке немесе кәсіби еңбек қызметінде өз біліктілігін дәлелдей алуымен бағаланады. Осы тұста модульдік-құзыреттілік тәсілі бойынша білім беру ерекшелігі қоғам үшін маңызды деп ойлаймын.
Оқытудың модульдік технологиясы – үздіксіз білімді қамтамасыз ететін икемді жүйе. Ең бастысы, оқытушы да, студент те оқыту нәтижесіне баса назар аударады.
Бұл жүйеде оқытушы кеңестік-бағыттаушы рөлін атқарады. Танымдық қызметін басқару функциясы студентке беріледі. Ең бастысы, оқыту процесі студенттер, оқытушылар, әкімшілік және ата-аналар үшін айқын және түсінікті болады. Сонымен қатар модульдік құзыреттілік технологиясы арқылы оқытуда студенттерге әрбір модуль бойынша тапсырмалар (тест тапсырмалары, бақылау жұмыстары, өзіндік жұмыстар) беріліп, тарау бойынша студенттердің алған білімін байқауға мүмкіндік болады. Бұл дегеніміз ‒ еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті кәсіби маман даярлаудағы үздік технология. Модуль арқылы оқыту нәтижесінде жұмыс беруші талаптарынан шыға алатын бәсекеге қабілетті, білікті кәсіби маман қалыптасады.

Айнұр РАХЫМЖАН

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!