Сұйытылған газдың қазіргі бағасы 33 600 теңге болып белгіленді.

Энергетика министрлігі «ҚР ішкі нарығына СМГ беру жоспары тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын бекіту туралы» бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайлы Zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2024 жылдың 30 мауысымды қоса алған кезеңге арналған шекті бағасы қосылған құн салығын есепке алмағанда, тоннасына 40 320,00 теңге (қырық мың үш жүз жиырма) мөлшерiнде болады.

Сұйытылған газдың қазіргі бағасы 33 600 теңге болып белгіленді.

Бұйрық жобасы 2023 жылғы 30 мамырға дейін қоғам болып талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Фото: pixabay

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!