Тұрғын үйден барлығы 210 адам эвакуциаланды, оның 10-ы бала.

Қонаев қаласындағы 2-ші ықшам ауданында көпқабатты үй өртенді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 2 тамыз сағат 02.20-де болған.

6 кіреберісі бар төртқабатты тұрғын үйдің бірінің пәтерінде өрт шығып, кейін от шатырға ауысқан. Ғимараттың қабырғалары панельді (бетон), төбесі жұмсақ, үстіне ағаш кесілген металл бейіні орнатылған. Орталықтандырылған жылумен қамтылған. Бірақ газбен жабдықталмаған үй, – дейді ТЖД мамандары.

Өрт сөндірушілердің бірінші бөлімі келген кезде көппәтерлі тұрғын үйдің шатыры толығымен отқа оранған.

қонаев қаласындағы өрт - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.08.2023

Шатырдың люктері құлыптармен құлыптағандықтан оны бұзуға тура келді, сондай-ақ ағаш тақтайшаның үстіндегі металл шатыры өртті сөндіруді қиындатты, – дейді ведомство.

Пәтерлерден 20 газ баллон шығарылды.

Тұрғын үйден барлығы 210 адам эвакуциаланды, оның 10-ы бала.

Өрт таңғы сағат 06:00-де сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Қазір тілсіз жаудың қалай шыққаны анықталып жатыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!