5 наурызда Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс циклонының және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктердің ықпалында болады.
Осыған байланысты жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, желдің күшеюі болжанады. Елдің солтүстігінде, шығысы мен орталығында, сондай-ақ жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстікте – найзағай, барлық өңірде тұман мен көктайғақ болады. ҚазАқпарат бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.
Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын жауады. Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында- қатты жаңбыр күтіледі.
Еске салайық, синоптиктер жексенбі күні елдің барлық дерлік аумағында ескерту жариялаған еді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!