Синоптиктер 4-6 тамыз күндергі ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Солтүстік антициклонның сілемі қазірдің өзінде республиканың солтүстік жартысында басым, сондықтан алдағы күндері солтүстік облыстарда негізінен құрғақ және ашық ауа райы сақталып, түнде салқын болады.

Атмосфералық фронтальды бөліктер біртіндеп оңтүстікке ауысып, республиканың орталық, шығыс және оңтүстік жартысында жауын-шашынның сақталуына ықпал етеді. Фронттар таулы аймақтарға жақындаған сайын бұл аймақтарда қатты жаңбыр жауады.

Найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл соғады. Ауа температурасының негізгі фоны күндіз батыста +28+34°С, оңтүстік-батыста +30+38°С, солтүстік-батыста +25+33°С, солтүстік пен шығыста +22+28°С болады. Орталықта +20+25, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында +28+35°C, тауға жақын жерде +22°C шамасында сақталады», – делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.


 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!