Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 266-275 шақырым жерде бір түнде бес рет жер сілкінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы бес жер сілкінісі байқалғанын мәлімдеді.
«Төтенше жағдайлар министрлігі «ННЦСН және И» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 25 қаңтарда Алматы уақыты бойынша сағат 4:21-де жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 273 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан”, – делінген хабарламада.
- Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 13.2.
- Магнитудасы MPV – 5.9.
- Жер сілкінісінің координаталары солтүстік-батыс бойынша 41,05°. 78,50°
- Тереңдігі 5 км.
Сондай-ақ эпицентрі шамамен сол ауданда сағат 21:50, 7:13, 7:24 және 7:43-те тағы жер сілкінді, бірақ олардың Қазақстанда сезілгені туралы ақпарат жоқ.
Еске салайық, 23 қаңтарда Алматыда жер сілкінісі болды. Астана уақытымен 00 сағат 09 мин 02 секундта алматылықтар қатты жер сілкінісін сезді. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше жер асты дүмпуінің эпицентрі Алматының оңтүстік-шығысында, 264 шақырым жерде тіркелді. Магнитудасы – 6,7 балл. Бұдан соң тұрғындар қалада тағы да бірнеше жер сілкінісі сезілгенін хабарлады. Ал ТЖД дерегіне сай алдағы уақытта қуатты жер сілкінісі болмайды, сондықтан дүрлігудің қажеті жоқ.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!