Алматыда қуатты жер сілкінісі сезілді. Төтенше жағдайлар департаменті ресми пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«Өзара әрекеттестік алгоритміне сәйкес тиісті мемлекеттік органдарға хабар берілді. Полиция департаментінің кезекші бөліміне ғимараттарда зақымдардың бар-жоғын тексеру жөнінде тапсырма берілді”, – деп мәлімдеді төтенше жағдайлар департаменті.
Ресми ақпарат бойынша жер сілкінісің магнитудасы 6,7 балл.
Эпицентрі Алматының оңтүстік-шығысында, 264 шақырым жерде, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан. Энергетикалық қуаты 15,1 балл, магнитудасы 6,7 балл.
Жер сілкінісі 00:09-да тіркелген. Алматыда жерасты дүмпуі 4 балл болып сезілген.
Желіде қалада халықтың эвакуациаланып жатқаны туралы видеолар тарады. Жанармай бекеттерінде көліктер кезекте тұр. 2 GIS қосымшасы қалада 2 баллдық кептеліс тіркелгенін айтады.
Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарынан ғимараттардан алыс жерде болуларын сұрады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!