“СОМЭ ”ЖШС сейсмологтары 24 қаңтар күні сағат 02:38-де Алматының оңтүстік-шығысынан 273 шақырым жерде, Қытай аумағында жер сілкінісін тіркеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,6, магнитудасы MPV – 4,9, эпицентр координаттары – 41,14° солтүстік. 78,57°D. Жерасты дүмпуі 5 шақырым тереңдікте болған”, – делінген хабарламада.

Араға уақыт салып сағат 05:05 шамасында Қытайда, Алматының оңтүстік-шығысынан 267 шақырым жерде тағы бір жер сілкінісі тіркелгені белгілі болды.

Сейсмологтардың мәліметінше:

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,1;
Магнитудасы MPV – 5,0;
Эпицентр координаттары – 41,13° солтүстік. 78,55°D;
Тереңдігі – 5 шақырым.
Бұған дейін жер сілкінісі кезінде алматылық келіншек алты айлық баласын құлатып алғаны туралы жазған едік.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!